24 жастағы азамат былтыр жазда Сирияға барып, террористік ұйымға мүше болып кірген.
Мәліметтерге қарағанда, Сирияға кету туралы ой оның әлеуметтік желілерде Сириядағы «Тавхид ва жиход катибаси» террористік ұйымының мүшелерімен танысқаннан кейін туған. Содан кейін Түркияға әуе билетін сатып алып, сол жерден әрі қарай Сирияға жол тартқан.
Сирияда өзбекстандық «Жамаат Таухид ва Жихад» террористік ұйымы сапында әскери дайындықтан өткен.
Ол содырлардың Сирия үкіметі күштерімен шайқасы кезінде жараланған. Өзбекстандық азамат былтыр желтоқсанда Сириядан көрші елге өтіп бара жатқан кезде ұсталған. Содан кейін Жизақ облысының тұрғыны Өзбекстанға экстрадицияланған.
Елінде оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол террористік ұйымға қатысқаны үшін алты жылға сотталған.