Өзбекстандағы Наманган облысы Уйчи ауданында Нарын өзені бойынша алты электр станцисынан тұратын каскад құрылысы басталды. Салтанатты жиын 25 наурызда республика президентінің қатысуымен өтті. Су электр станциясының қуаты 228 мегаватт (МВт).
«Өзбекгидроэнерго» акционерлік қоғамы» 434 миллион долларға Уйчи ауданында Нарын өзенінде алты су электр станциясын салады» деп хабарлады баспасөз қызметі.
Мәліметке қарағанда, станция толықтай Өзбекстанда өндірілген технологиялар мен құрал-жабдықтардан салынады. Оны елдегі «алғашқы ұлттық ГЭС» деп те атауға болады.