Ссылки доступа

Кремль Қазақстанда саяси себептермен жүрген релоканттар тізімін дайындауы мүмкін


Кремль саяси көзқарасы бойынша Қазақстанда тұрып жатқан релоканттар тізімін дайындауы мүмкін. Бұл туралы Dala Inside хабарлады.

«Кремль түпкілікті шешімді президент сайлауының шетелде дауыс беру нәтижесіне қарай нақты шешім қабылдайды. Exit Poll мәліметінше, Алматыда Ресей азаматтарының 9% ғана сайлауда жеңіске жеткен Владимир Путинге дауыс берген. Оның қарсыласы Владислав Даванков 69% дауысқа ие болған. Астанадағы релоканттар да Путинге дауыс беруден бас тартып, бюллетендерді бүлдірген немесе Даванковқа дауыс берген» деп жазды басылым.

Dala Inside басылымының Мәскеудегі дереккөзіне сүйене отырып хабарлауынша, Кремль соған байланысты Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен және Алматыдағы бас консул Дмитрий Тураевпен кеңеседі.

«Жүздесуде сөз болатын басты мәселе – релоканттарға бақылау орнату, олардың Қазақстанда антипутиндік ұйым құрып, жергілікті тұрғындарды оған қарсы қоюуына жол бермеу. Сол себепті Қазақстанда ресейлік релоканттардың арнайы тізімін дайындалу мәселесі талқыланады. Бұл тізімде әр релоканттың саяси көзқарасы ескеріледі» деп хабарлады дереккөз.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде сайлау өткен күні Астанадағы орыс елшілігі алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Алматыдағы консулдық маңына да көп адам жиналды. Ресейлік оппозиция осы уақытқа «Путинге қарсы талтүс» акциясын жариялап, түскі сағат 12.00-ден сайлау учаскелеріне келіп, Путиннен басқа үміткерді таңдауға немесе бюллетендерді бүлдіруге үндеген.

XS
SM
MD
LG