Алдағы жұмада оған Ресей мұсылмандарының "Сіңірген еңбегі үшін" медалі тапсырылатыны хабарланды.
Ислам Халилов “Крокус Сити Холл” концерт залындағы гардеробта сабақтан кейін қосымша ақша тауып жұмыс істеген. Теракт кезінде ол 100-ден астам адамды қызметтік есік арқылы қауіпсіз орынға шығарып үлгерген.
Бұдан бөлек Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин де "Крокус Ситиде" халықты құтқаруға көмек көрсеткен адамдардың аты-жөнін анықтауға тапсырма берілгенін, оларға сыйлық беру мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.
Ресей әншісі Алишер Моргенштерн өзінің парақшасында Исламға 1 млн рубль сыйақы бергенін жазды.
15 жастағы Ислам Халилов Мәскеу мектептерінің бірінде 8-сынып оқиды. Ол орыс азаматтығын алған қырғызстандық отбасының ұлы. Оның әкес-шешесі 15 жыл бұрын Ресейге көшіп барған.
22 наурыздың кешінде Мәскеу шетіндегі "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз қарулы топ адамдарға оқ жаудырды. Соңғы мәлімет бойынша қаза болғандар саны 137-ге жетті.