Оның айтуынша, 2022 жылғы қазанда 29 адамға қарсы қылмыстық іс қозғалып, 27 адам ұсталған. Бір жарым жыл өткеннен кейін үш адамның ісі тоқтатылған.
Белсенді Орозайым Нарматова, Талант Эшалиев және Эмиль Жайчиевтің қылмыстық істері тоқтағанын атап өтті. Шәменовтің айтуынша, 1-май аудандық сотына 25 айыпталушының қылмыстық істері тапсырылған. Қамауда әлі тоғыз адам отыр.
Саясаткерлер мен белсенділер Кемпір-Абад су қоймасының жерлерін Өзбекстанға беруге қарсы шыққан. Олар 2022 жылғы қазанда ұсталған. Сегіз айға созылған тергеу барысында ұсталғандардың жартысы үйқамаққа шыққан, қалғаны қамауда қалған.
Қазір «Кемпір-Абад» ісі бойынша Равшан Жеенбеков, Әзімбек Бекназаров, Женіш Молдоқматов, Айданбек Ақматов, Марат Баязов, Кеңешбек Дүйшебаев, Айбек Бузурманқұлов, Ильгиз Шәменов және Темір Махмұдов қамауда отыр. ІІМ олардың бәрін «жаппай тәртіпсіздікке дайындалды» деп айыптаған.