Тәжікстан көлік министлігінің хабарлауынша, 29-30 мамырда өтетін конференияда Орталық Азия мен Еуроодақ елдері арасындағы халықаралық жүк тасымалы мәселелері талқыланады. Бұған қоса, форумда Қытайдан Тәжікстанға «Душанбе-Кульма-Қытай шекарасы» автожолымен жүк тасуға қатысты мәселелер де көтеріледі.
Ресей Украина аумағына басып кіріп, Мәскеуге санкция салынған соң, Батыс елдері Орталық Азия арқылы Азия елдеріне жүк тасуды қарастырып отыр.