Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Құзырлы мекеме мәліметінше, Ташкент облысы Бекабад ауданында тұратын ерлі-зайыптылар Ресейге жұмысқа кетпес бұрын екі қызын Бұқа ауданында тұратын туысы Н.И.-дің үйіне тастап кеткен. Бұл үйде қыздар күнде қысым көрген, деп хабарлады прокуратура.
12 наурызда әйел жеті жастағы қызды сабақ оқымағаны үшін таяқпен ұрған. Қыз ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. 13 наурызда әйел қамауға алынған.
Екі күннен кейін, 15 наурызда кішкентай қыз аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.