Ссылки доступа

Инанды және басқа түрік азаматтарына берілген паспорт бойынша сот үкімі шықты


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбевтың аппарат жетекшісі болып істеген Фарид Ниязов, арнайы қызметтің бұрынғы төрағасы Бусурманкул Табалдиев және Азаматтық мәселелер бойынша комиссияның бұрынғы хатшысы Эрнис Апиловқа қатысты сот шешімі шықты.

Олар Түркияның 10 азаматына, оның ішінде Орхан Инандыға Қырғызстан азаматтығын заңсыз беру ісі бойынша ақталды.

Мұндай шешімді Бішкектің Бірінші май аудандық соты шығарған.

Бұл іс бойынша экс-президент Алмазбек Атамбев та осыған дейін ақталған.

Қырғыз азаматтығын алып, Бішкекте тұрып келген "Сапат" білім беру мекемесінің негізін қалаушы Орхан Инанды 2021 жылы 1 маусымда жоғалған. 5 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы қызмет оны Анкараға алып барғанын мәлімдеді.

Түркия Жоғарғы соты Орхан Инандыны "қарулы террорлық ұйымды басқарды" деген айыппен 21 жылға бас бостандығынан айырды.

XS
SM
MD
LG