ҰҚМК мәліметінше, құзырлы орган жекеменшік клиникалардың өкілдерімен жиналыс өткізгеннен кейін осындай нәтижеге жеткен. «Юнит-Реактив Фарма», «Медипол», «Томэкс», «Шаншуй Силк Роуд Кейджи», «Альфа МЕД-ЛТД», «Берди», «Медипарк», «Гүлмед», «Систем Озел Тыбби Йатырымлар ве Тиджарет», «Юрфа», «Авиценна», «Меди» және «Веданта» қызмет ақысын 20 пайызға түсірген. Ал «Котекс» неврологиялық орталығы бағаны 30 пайызға дейін төмендеткен.
Арнайы қызмет зертханалар мен медициналық мекемелер қызметтері ақысын түсіру бағытында жұмыс істейтінін хабарлады.
Бұның алдында ҰҚМК зертханалық қызмет көрсететін клиникалар өкілдерімен жиналыс өткізген. Сол кезде арнайы қызмет 11 клиника қызмет ақысын 30 пайызға дейін түсіргенін хабарлаған. Тағы 16 компания қызмет құнын 15 пайызға түсіруге келіскен.
Арнайы қызмет араласқаннан кейін елдегі базарлар мен ломбардтар да қызмет ақысын төмендеткені мәлім.