Жәбірленушілер сол кезде биліктің халыққа оқ атқанына құқықтық баға берілмеді деген пікір білдірді.
"Аксы оқиғасына тікелей Асқар Ақаев кінәлі болса, оны елге еркін кіргізіп жатқаны бізді қынжылтады. Қандай билік болмасын 22 жыл бойы кінәлілерді жауапқа тартпады", - деді Аксы оқиғасы кезінде қаза болған Сатинбай Үркүнбаевтің әйелі Бүайша Базарбаева.
Осының алдында қырғыз президенті Садыр Жапаров Аксы оқиғасының 22 жылдығына байланысты елге үндеу жолдаған. Онда "билік бұл оқиғаны ұмытпағанын, елдің бақуатты өмір сүруі үшін жұмыс істеп келе жатқаны" айтылған.
2002 жылдың 17 наурызында Ақсыда билікке қарсы шыққан халыққа оқ атылып, алты адам қаза болған.
Наразылар бұрынғы президент Асқар Ақаевқа импичмент жариялау бойынша бастама көтеріп, қамауға алынған депутат Азимбек Бекназаровты босату және Үзөңгү-Куушту Қытайға бермеу туралы талартармен шыққан.
2017 жылы 17 наурызды Ақсы оқиғасы құрбандарын еске алу күні деп жарияланған.