Ссылки доступа

Сенат спикері: "Отағасы" туралы заң қабылдаудың қажеті жоқ


Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 14 наурызда мәжіліс депутатының отбасында ер адамдардың рөлін арттыратын заң керек деген сөздеріне пікір білдірді.

"Ер адамдарды қорғайтын заң керек деп ойламаймын. Жалпы елдің азаматтарын, әйелдерді, ерлерді қорғайтын заң талаптары бар. Біз түрлі қылмыстық әрекеттерге қарсы жауапкершілікті күшейтеміз. Сол себептен қазір біз қарап жатқан заң жобасын [тұрмыстық зомбылыққа қарсы] қабылдағаннан кейін, жағдайды әріқарай қараймыз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында, мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи "ер адамдардың рөлін көтеретін заң керек" деген пікірін білдірген.

Сарапшылар қазақ қоғамын жоғары патриархал деп есептейді.

Құқық қорғаушылар Қазақстанда әйелдер еркектерден, туыстарынан психологиялық, физикалық қысым көреді дейді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2023 жылғы есебінде Қазақстан гендерлік теңдік бойынша 146 ел ішінен 62-орын алған.

XS
SM
MD
LG