Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Көлбаев пен Матриамовпен қалай кездескенін әңгімеледі


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Көлбаевпен (Асанбек), іздестіріліп жатқан бұрынғы шенеунік Райымбек Матраимовпен қалай кездескені туралы әңгімеледі.

Жапаровтың айтуынша, ол Матраимовты екі мәрте қабылдаған, ал бірінші кездесуге шенеунік Көлбаевты ертіп келген.

«Әлбетте, ол жерде [ҰҚМК басшысы] Қамшыбек Қыдыршаұлы да болды. Мен Көлбаевқа: «Бұрынғы уақытты ұмытыңдар. Адамдар мен кәсіпкерлерді тонамаңдар. Дөкейлер бір-біріңді өлтірмеңдер. Саясаткерлер мен инвесторлардың бір тал шашы түспесін. Енді Қырғыз Республикасының заңдарымен жүріңдер» деп ескерттім. Өкінішке қарай, қарақшылық тоқтамады» деген Жапаров.

Екінші кездесуге Матраимов жалғыз келген. Жапаров оған «қылмыс әлемімен байланыспа, өз ісіңмен айналыс» деп ескерткен.

«Өкінішке қарай, ол байланысын үзбеді. Арнайы қызмет оны дәлелдеді» деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Көлбаев 2023 жылғы қазанда өлтірілді. Арнайы қызмет мәліметінше, Көлбаев оны ұстау кезінде қарсылық көрсеткендіктен атып өлтірілген.

Екі айдан соң бұрынғы кеденші Райымбек Матраимовқа іздеу жарияланды. Оның қайда тығылып жүргені әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG