Ссылки доступа

Қазақстанда қаржы мекемесінің 2 миллионнан астам клиентінің мәліметі жария болды (видео)


В Казахстане утекли в сеть персональные данные 2 млн пользователей. Что им грозит и к чему готовиться?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

Қазақстан цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, екі миллионнан астам қазақстандықтың жеке мәліметі жарияланып кеткен.

Олардың дені - zaimer.kz шағын қаржы ұйымының клиенті. Бірақ тізімде бұл компанияның қызметін ешқашан пайдаланбаған адамдар да жүр.

Астаналық қоғам қайраткері Кирилл Павлов үш жыл бұрын «Займер» компаниясынан шағын займ алғанын мойындады. Жақында ол цирлық министрліктен жеке мәліметтері жария болып кеткені туралы хабар алған.

Министрлік азаматтардың жеке мәліметтері не себепті жарияланып кеткенін түсіндірмеді. Енді Кирилл оның атынан басқа біреулер несие туырлауы мүмкін деп қауіптенеді.

Сарапшылар қазақстандықтардың банк есептеріне тікелей қауіп жоқ деп есептейді, бірақ қауіпсіздік шараларын қолдану артық болмайды дейді.

Әуелі азаматтар несие алудан өз еркімен бас тартуға арыз өткізуі керек. Қазақстанда осындай арызды электронды үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы өткізуге болады.

Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанда 229 шағын қаржы ұйымы жұмыс істйді. Бұл компаниялар клиенттің несие тарихына қарамастан жылдам займ ұсына береді. Наурыздың басындағы мәліметке қарағанда, барлық шағым қаржы ұйымдарының несие портфелі 27 миллион доллардан асады.

XS
SM
MD
LG