Ссылки доступа

Қырғыз депутаты Атазов бас прокурорды Матраимовпен байланысы бар деп айыптады


Жогорку Кеңеш депутаты Шайлообек Атазовтың мәлімдеуінше, бас прокурор Құрманқұл Зулушев іздестіріліп жатқан экс-кеденші Райымбек Матраимовпен кезінде байланыс жасаған.

Атазов парламенттің 13 наурыздағы отырысында осылай деп мәлімдеді.

Депутаттың пікірінше, Қырғызстанда «Матрамимовпен байланыс орнатпаған саясаткер жоқ».

«Кейінгі екі жылда мандат үшін менің соңымнан түскен бас прокурор дегеніне жетті. Матрамимовпен байланысың бар дейсіздер. Құрметті қырғызстандықтар, қай саясаттың Матраимовға қатысы жоқ? Қырғыз спортын алға сүйреу үшін талай адаммен кездестім. Бас прокурор Зулушев, сіз де оның айрылмас досы болдыңыз. Туған күніңізде ет түсірген уақытта «Райым досымды күтейік» деп айтқансыз. Бас прокурор болып отырғаныңызға үш жыл болды, ол ірі қылмыскер болса, неге байқамадыңыз? Ол жақында мүфтият ғимаратын ашқан уақытта оны неге ұстамадыңыз?» деп мәлімдеді Атазов.

Бас прокурор әзірге Атазовтың мәлімдемесіне жауап бермеді.

Матраимовқа іздеу жарияланғанға дейін Атазов Жогорку Кеңеште оны талай рет қорғаған.

Өткен аптада әкімшілік сот Орталық сайлау комиссиясын Бішкектің Свердлов ауданынан Әбдурахманқажы Мұртазәлиев депутат болып сайланды деп тануға міндеттеді. 2022 жылы осы ауданнан Атазов та сайлауға түсіп, детутат атанған. Енді ол парламенттен кетеді.

XS
SM
MD
LG