Компания мәліметінде 1980 жылы туған жұмысшы 12 наурызға қараған түні арнайы құрал-жабдықты құрастыру кезінде алған жарақаттан өлгені айтылған. Компания оны «қайғылы оқиға» деп сипаттаған. Алдын ала мәлімет бойынша, құрал-жабдықты ұстап тұрған болт ажырап кеткен.
Комиссия шахта жұмысшының не себепті өлгенін анықтап жатыр.