11 наурызда Яна Куцяки (ICJK) атындағы зерттеу орталығы Facebook парақшасында видео үндеу жариялады. Ол акцияға Чехия, Словакия, Польша, Венгрия және Эстония журналистері қатысты.
Олар соңғы кезде Қырғызстанда сөз бостандығы ахуалы нашарлап бара жатқанын мәлімдеп, Ресейдегі жағдайға сәйкес келіп тұр деді.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл акцияға Қазақстан және Армения журналистері де қосылды.
17 қаңтарда "Айт, айт десе" және "Темиров LIVE", "Арча Медиа" және "ПолитКлиниканың" 11 журналисі ұсталды. Бішкектің Бірінші май аудандық соты журналистерді 13 наурызға дейін қамау жөнінде шешім шығарды.
ІІМ олар "жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деп айыптады.