Ссылки доступа

Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы жарты миллиард долларға жетті


11 наурызда Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Өзбекстан премьер-министрі Абдулло Арипов бастап барған делегация өкілдерімен кездесті.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар екіжақты сауда қатынасының айтарлықтай өскенін атап өтті. Былтыр сауда айналымы 504 миллион долларға жеткен.

Бұдан бөлек тараптар ауыл шаруашылығы, энергетика саласын дамытып, "жасыл энергия" және "жасыл экономика" жобасын әзірлеуге келісті.

Абдулло Арипов 12 наурызда Душанбеде өтетін Сауда-экономикалық қатынас жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысына қатысады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін қарқынды дами бастады.

XS
SM
MD
LG