Ресей әскері қиратқан Мариуполь кадрларын соғыстың алғашқы күндерінде The Associated Press агенттігінің тілшілер тобы түсірді. Оның құрамында осы фильмнің режиссері Мстислав Чернов, фотограф Евгений Малолетка және продюсер Василиса Степаненко болды.
Мариупольге 2022 жылғы 24 ақпанда, басқыншылық жасалған күні барған Чернов пен Малолетка жергілікті әскери ауруханалардағы дәрігерлер жұмысын баяндап, қаза тапқан бейбіт тұрғындарды тіркеп, 15 наурызда гуманитарлық дәліз ашылған соң колонна құрамында қаладан шыққан.
2023 жылғы қаңтарда фильм АҚШ-тағы Sundance тәуелсіз кинофестивалінде "көрермен көзайымы" сыйлығын алған. 2022 жылғы мамырда Евгений Малолетка мен Мстислав Черновқа "сөз еркіндігі үшін" (Freedom of Speech Award) DW сыйлығы, ал желтоқсанда "Шекарасыз тілшілер" ұйымының "баспасөз еркіндігі үшін" сыйлығы берілді. Евгений Малолетка 2023 жылы World Press Photo байқауының лауреаты атанды, оны британдық The Guardian газеті "Жыл фотографы" деп таныды.
– Осы фильмді түсірмегенімді қалар едім, – деді Мстислав Чернов марапаттау рәсімі кезінде соғыстың болмағанын қалайтынын айтып. – Бұл "Оскарды" Ресейдің Украинаға еш уақытта басып кірмеуіне, қалаларымызға шабуыл жасамауына айырбастағым келеді. Алайда шындық жеңу үшін біз бірге осылай істей аламыз. Украина жасасын!".
Фильмді Ресей мен өзге де бұрынғы советтік кеңістік елдері аумағында Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының Votvot стриминг платформасынан көруге болады.