Милиция 43 жастағы күдіктіні 7 наурызда қамаған.
Өткен аптада Бірінші май аудандық милициясына 100-ден астам азамат Charge fast компаниясының иелеріне шара қолдануды сұрап арыз жазған. Арызда олар ақшаны "екі есеге көбейтіп береміз" деген уәдемен ірі көлемде ақшаларын алып, ізін жасырғаны айтылған.
ІІМ 2023 жылы қаржы пирамидаларына байланысты 358 қылмыстық іс тергеліп, оның ішінен 217 іс сотқа жіберілгенін, 98 іс бойынша тергеу істері жалғасып жатқанын білдірген.