Unays building биыл 5 қаңтарда әкімшіліктің тиісті шешімі қабылданғаннан 24 күн бұрын құрылған. Жер телімі компанияға "ғимараттар және құрылыстар" үшін деген мақсатта берілген. Бұл шешімді қабылдауда әкім президент бұйрығына сәйкес емес сілтеме жасаған.
Жергілікті тұрғындар әкімшіліктің бұл шешіміне наразылық білдіріп, аймақтағы жастар үшін демалу және су спортымен айналысатын орын жоғын айтып, шағымданған.
Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі мемлекеттік нысандардың бір ұйымнан екіншіге өткеру талаптары бұзылғанын білдіріп, Ферғана облысы әкімшілігіне "Жастар көлінің" жерін спорт мектебінің қарамағына өткізу жөнінде бұйрықты жөнелткен. Биліктің "Миллий тикланиш" партиясы әкімшіліктің бұл әрекетіне құқықтық баға беру өтінішімен бас прокуратураға қайрылған.