Журналист Тоқтоғұлда су азайған уақытта көпшілік бірден «суды сатқан деп ойлайтынын» атап өтіп, қоймада судың аз болу себебін түсіндіруді сұраған.
«Түсінбейтін адамдар таратып жүрген қауесет. Ол жерде онлайн-камералар орнатылған. Бәріне бақылау орнатылған. Суды кім сатқан болса, арын да сатсын» деп жауап берген Жапаров.
Бұның алдында Қырғызстанда электр энергиясына уақытша шектеу енгізілген. Қырғызстандықтар жарық сөніп қалып жатқанына шағымданып жатыр. Үкімет мұндай шектеуді Тоқтоғұл және Үш-Қорған ГЭС-теріндегі гидроагрегаттар жөнделіп жатқанымен түсіндірді.