Бұның алдында ресми Ташкент Қазақстан арқылы бір жылда үш миллиард текше метр газ тасылады деп мәлімдеген. Табиғи газ импортын арттыру мақсатында өзбек билігі магистралды газ жүйесін жетілдірмек.
Өзбекстан Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы 2023 жылғы қазанда импорттай бастады.
5 наурызда Азаттықтың Өзбек қызметі «Путиннің бір қолынан екінші қолына». «Газли» газ қоймасы Фозиловқа өтті» деп аталатын журналистік зерттеу жариялаған.
Онда Өзбекстанда энергетика саласының патшасы атанған кәсіпкер Бахтиёр Фазилов енді «Газли» газ қоймасының қожайыны атанғаны жазылған.
Бір жыл бұрын Озодлик тағы бір зерттеу жариялап, онда Өзбекстанның энергетика секторын кімдер бақылап отырғанын түсіндірген.