Ссылки доступа

Қырғызстан электр энергиясына шектеу енгізді


«Қырғызстан ұлттық электр желілерінің» хабарлауынша, елде электр энергиясына аз уақыт шектеу енгізілді. Жарық әсіресе электр энергиясына сұраныс артқан уақытта, яғни таңертең сағат 06: 00-ден 09:00-ге дейін, кешке сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін сөнеді.

Ұлттық компания мәліметінше, мұндай шектеу Тоқтоғұл және Үш-Қорған ГЭС-теріндегі гидроагрегаттарды 5 наурыздан бастап жөндеп жатқанына байланысты енгізілген.

Мәліметті энергетика министрі Таалайбек Ибраев 6 наурызда Жогорку Кеңеш отырысында растады. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары 20 ақпанда басталуы керек болған, бірақ күннің суықтығына байланысты 5 наурызға шегерілген.

Ибраев уақытша шектеу 10 наурыздан кейін жойылатынын мәлімдеді.

Бұның алдында энергетика министрінің орынбасары Таалайбек Байғазиев азаматтарға электр энергиясын үнемдеуге кеңес берген. Шенеуніктің айтуынша, Тоқтоғұл су қоймасында биыл су өте аз.

XS
SM
MD
LG