Бұл туралы 3 наурызда "davletovuz" Telegram-арнасы хабарлады.
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттігі зауттың қаншаға сатылғаны туралы мәлімет жарияламады.
2016 жылы іске қосылған қытайлық мұнай өңдеу зауытын агенттік 2022 жылы сатуға шығарған.
"2023 жылдың басында сатып алушылардан ұсыныстар түскен, бұл процесс біраз уақытқа созылған " деп жазды "davletovuz".
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бірыңғай мемлекеттік тіркеуі мәліметінше, Данияр Камиловқа тиесілі Petroleum Technology Group компаниясы бұның алдында UNG жанармай құю желілерін сатып алған.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, Petroleum Technology Group компаниясы UNG Petro компаниясын елдегі 78 жанармай құю бекеттерімен бірге өзіне қаратқан.
Данияр Камиловтың әкесі – Өзекстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камилов. Украинада соғыс басталған уақыттан бірнеше апта өткен соң Камилов Өзбекстан Украина аумағының тұтастығын қолдайды деп мәлімдеп, содан кейін қызметтен алынған.
Одан соң Абдуләзіз Камилов мемлекет басшысының сыртқы саясат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалғаны хабарланған.