Мәліметтерге қарағанда, олардың дені АҚШ-қа Мексика арқылы өткен. Аралардында бірнеше елді кесіп өткендері де бар.
Бұның алдында АҚШ үкіметі Өзбекстанның елге заңсыз кірген 119 азаматын қайтарғанын хабарлаған.
2021-2023 жылдар аралығында ондаған мың иммигрант АҚШ-қа Мексика арқылы заңсыз кіруге тырысқан. Шекарада ұсталғандардың 13 мыңнан астамы Өзбекстан азаматы екені анықталған. Құрама Штаттар билігі оларды «ерекше бақылауға алынған тұлғалар» санатына қосқан.