Ссылки доступа

Қырғыз экс-министрі Дамира Ниязәлиева үш жылға сотталып, рақымшылықпен босатылды


Қырғызстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Жогорку Кеңештің экс-депутат Дамира Ниязәлиева сайлаушылар дауысын сатып алу айыбы бойынша кінәлі деп танылды.

29 ақпанда Бішкек қаласы Ленин аудандық соты осындай шешім шығарды. Бішкек қалалық соты баспасөз қызметінің 2 наурыздағы мәліметіне қарағанда, 2021 жылғы қазаннан бері «сайлаушы дауысын сатып алу» айыбымен алты адамға іс қозғалған, олардың арасында Дамира Ниязәлиева да бар.

Сот үкіміне сәйкес, істі болғандардың бәрі кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айрылды, бірақ рақымшылық туралы заңға сәйкес жазадан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Дамира Ниязәлиева Бішкектің Ленин сайлау округы бойынша парламент сайлауына үміткер ретінде қатысқан. Саясаткер 2023 жылғы 28 мамырдағы сайлауда 35,83% дауыс жинап, парламентке өткен.

Алайда артында әлеуметтік желілерде сайлаушыларды сатып алғанын әшкерелейтін видео мен аудио тараған. Құқық қорғау органдары Дамира Ниязәлиеваның сайлау штабын тінтіген.

Парламент сайлауында Ниязәлиевадан кейінгі орында тұрған Ұлан Сариевке де осындай айып тағылған.

Орталық сайлау комиссиясы кейін екі үміткерді тіркеу туралы шешімнің күшін жойып, осы округтағы сайлау нәтижесін жарамсыз деп таныған.

XS
SM
MD
LG