Ссылки доступа

Душанбе билігі жарықтың жиі сөну себебін түсіндірмей отыр


Душанбелік электр желілерінің кезекшісі астананың шағын аудандарында жарықты кезек-кезек өшіру туралы тапсырма жоғарыдан түскенін айтты.

Тәжікстан билігі Душанбеде электр жарығына шектеу енгізілгенін ресми түрде растамай отыр. Астана тұрғындарының айтуынша, қыстық суық күндері қалада күндіз электр жарығы бірнеше сағат сөніп тұрады. Көп қабатты үйлерде тұратындарға қиын болып жатыр. Электр энергиясын үнемдеу тағы қанша күнге созылатынын әзірге ешкім білмейді.

«Барки Точик» энергетика холдингі де ешқандай мәлімет таратпады.

Тәжікстанда кем дегенде 4 наурызға дейін күн суық болады. Тұрғындар шағымы көбейді. Оларды үйді ескі әдіспен жылытуға мәжбүр. Екі күн бұрын Душанбеде бір отбасының алты мүшесі ыстан уланып қайтыс болғаны мәлім болды.

XS
SM
MD
LG