Депутаттың пікірінше, экс-президенттің кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовпен байланысы бар.
Ақылбек Тұмонбаев парламенттің 28 ақпандағы отырысында осындай ұсыныс тастады.
Депутаттың айтуынша, Матраимовқа байланысы бар бірнеше депутат парламенттен кетіп, министрлер қызметтен айрылып жатыр.
«Бірақ Матраимовты саясат сахнасына алып келген бір адам бар, оның есімі аталмайды. Бұл адам мемлекет есебінен өмір сүріп жүр. Ол кім? Ол – Сооронбай Жээнбеков» деп мәлімдеген Тұмонбаев.
Жогорку Кеңеш вице-спикері, дедупат Нұрланбек Азығалиевтің айтуынша, Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру үшін фракция шешімі қажет, содан кейін комиссия жасақталады.
Қырғызстанда тәуелсіздік жылдары елді бес президент басқарды. Солардың ішінде Роза Отунбаева мен Сооронбай Жээнбеков қана экс-президент мәртебесін сақтап қалды.
Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы президент болып сайланған. Ол бұл қызметте 2020 жылға дейін отырып, қазандағы наразылықтан кейін өз еркімен биліктен кеткен.