Наргиз Гадаева мен Саодат Шерматова жолаушы автобустарын жүргізуші болып жұмысқа тұрды. Бұл екеуі қазір тәжірибеден өтіп жүр.
Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан үкіметі әйелдерге 2,5 тоннадан асатын жүк көліктерін немесе 14 жолаушыдан артық адам таситын автобустарды басқаруға рұқсат берген.
Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі көліктер әйел денсаулығына зиянсыз. Ескі заң ережелері жойылған соң, республикада әйелдер автокөлік жүргізуші болып жұмысқа тұруға мүмкіндік алды. Әйелдерді автобус басқаруға тарту мақсатында көлік салаларында гендерлік теңдікке жетуді көздейтін жоспар жүзеге асып жатыр. Соның арқасында әйелдер көп жолаушы сиятын үлкен автобустарды басқара алады.