Ссылки доступа

Өзбекстан Түркіменстаннан бір тәулікте 22,2 млн кВтс электр энергиясын импорттады


25 ақпанда Өзбекстанда тұтынушыларға әдеттегіден 5 пайыз артық электр энергиясы (235,9 млн кВтс) бөлінді. Соған байланысты бұл күні Түркіменстаннан 22,2 миллион кВтс электр энергиясы импортталды.

Бұл туралы энергетика министрлігінің өкілі Хасан Тошхожаев Ташкенттегі брифингте мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, электр энергиясын көп тұтынатын уақыттарда 600 МВт-қа дейін шектеу енгізілген (бұған дейінгі күндері 550 МВт-тан аспаған). Мұндай шешім газ қысымы түсіп, электр энергиясына сұраныс артуына байланысты қабылданған. Жағдай реттелгенше осылай болады, деп ескертті министрлік.

Бұл уақытта тұтынушылардың газға сұранысы артып, 157,2 млн текше метрге жеткен. 25 ақпанда «Өзбекмұнайгаз» жанармай құю бекеттеріне 1 мың 73 тонна бензин жеткізген.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда электр энергиясының тапшылығына байланысты шектеулер енгізілді. 18 ақпанда тапшылық көлемі 6,4 млн кВтс болған.

XS
SM
MD
LG