Мәліметке қарағанда, жұмысқа барғысы келетін медбикелердің жоғары білімі, IELTS 7 немесе OET 3.5 куәлігі болуы керек. Үміткерлерден бұрын сотталмағаны жөнінде анықтама сұратылады.
Ұлыбританияда медбикелердің жалақысы 3 мың доллардан басталады. Олар отбасымен бірге баруға мүмкіндік алады. Өзбекстаннан барған медбикелерге жағдай жасалады.
Ағылшын тілін білмейтін, бірақ жұмысқа барғысы келетін медбикелерге арнайы курстар ұйымдастырылады.
Бұның алдында агенттік өзбек медбикелерін Ұлыбританияға жұмысқа жіберу жөнінде келісім жасалғанын хабарлаған.