Ссылки доступа

Қырғызстанда жемқорлық қылмыстары мерзімі өтуіне байланысты жабылмайтын болды


Қырғызстан президеніт Садыр Жапаров қылмыс және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгеріс енгізуді көздейтін заңға қол қойды.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат сыбайласқан жемқорлық, аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмыстарын мерзімі өтіп кетуіне байланысты жабуға жол бермейді.

Халықаралық Transparency International ұйымының сыбайлас жемқорлық индексінде Қырғызстан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 180 елдің ішінде 141-орынға тұрақтаған. Одан бір жыл бұрын Қырғызстан бұл тізімде 140-орында тұрған.

2023 жылғы қарашада ел президенті Садыр Жапаров сыбайлас жемқорлық 90 пайызға қысқарды деп мәлімдеген. Мемлекет басшысының пікірінше, 2020 жылдан бастап мемлекет бюджеті үш есеге артқан.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында бюджет жемқорлыққа қатысты қозғалған қылмыстық істер аясында қайтарылған қаражат арқасында 15 млрд 562 млн сомға ($174 млн) толған.

XS
SM
MD
LG