Ссылки доступа

Жапония Өзбекстанға 30 жылға 246 млн доллар несие бермек


Өзбекстан Жапония үкіметімен экономика және әлеуметтік даму бағдарламасы аясында несие алу жөнінде келісімге келді. Бұл жөнінде Жапонияның халықаралық қатынас агенттігі (JICA) хабарлады.

Аталған келісімге сәйкес, Өзбекстан Жапониядан 37 млрд иен (246,2 млн доллар) көлемінде несие алады. Бұл келісімге Өзбекстанның экономика министрінің орынбасары Ильхом Норкулов пен JICA өкілі Ёшибуми Бито қол қойды.

Несие отыз жылға берілді. Бастапқы он жыл бойында жеңілдікпен төленеді. Несие 1,8 проценттік сыйақымен беріледі.

"Бұл ақша реформа жасауға, нарықтық экономиканы дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалады", - делінген JICA таратқан мәліметте.

Ұйым мәліметінше, 1993 жылдан 2021 жылға дейін JICA Өзбекстанға 1,5 млрд доллар көлемінде түрлі көмек көрсетіп келген.

XS
SM
MD
LG