Ссылки доступа

Қырғызстан оң рөлдегі көліктерді шектегісі келеді


Қырғызстан ІІМ ел үкіметіне оң рөлдегі жолаушылар тасымалдайтын көліктерге тыйым салу жөнінде қаулы енгізуді ұсынды.

Бұл жоба қоғамдық талқылауға шығарылды.

"Коммерциялық мақсатта жолаушылар тасымалдайтын оң рөлдегі көліктерді, жүк көліктерін пайдалануға тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Бұдан бөлек қоғамдық көліктерге белгілі бір қозғалыс жылдамдығын шектеу ұсынылған.

Бұл ІІМ тарапынан оң рөлдегі көліктерге тыйым салуды көздеген бірінші әрекеті емес. Мұндай ұсыныстар 2018 және 2023 жылдары да болған. Бірақ үкімет тарапынан қабылданбады.

Оң рөлдегі көліктерді Қырғызстанға әкелуге 2015 жылы рұқсат берілген.

ІІМ мәліметінше, 2023 жылы жолаушылар тасымалдайтын көліктер тарапынан 276 жол апаты болған. Онда 24 адам қайтыс болып, 619-ы әртүрлі деген жарақатын алған.

XS
SM
MD
LG