Ссылки доступа

Өзбекстанда балалардың сабақтан қалмауын әскерилер бақылайды


Өзбекстан ұлттық ұлан офицері мектептердің бірінде. Сурет Ұлттық ұланның ресми сайтынан алынды.
Өзбекстан ұлттық ұлан офицері мектептердің бірінде. Сурет Ұлттық ұланның ресми сайтынан алынды.

Өзбекстан ұлттық ұлан қызметкерлері мың мектепті тексерді. Олар балалардың сабаққа баруын қадағалайды.

Президент тапсырмасымен жүргізілген тексеру барысында баланың сабақтан қалу себептері анықталды. «Киімге, сабаққа қажетті заттарға немесе жолға ақша жоқ», сонымен бірге мектепте «мұғалім жетіспейді» деген сылтаулар жиі айтылған.

Ресми мәліметке қарағанда, Ұлттық үлан мың мектептегі осы мәселелерді шешпек.

Алайда сарапшылар мұндай мәселе елдегі он мыңнан астам мектептің бәріне тән екенін айтып, мектептердің дұрыс жылытылмауын қыста сабақтан қалудың тағы бір себебі ретінде атаған.

Белсенділер әскерилердің білім беру ісіне араласуынан мәселе шешіледі дегенге күмәнмен қарап отыр.

5 ақпанда президент Шавкат Мирзияев мектептердегі инспектор, психолог штаттарын ішкі істер министрлігінен Ұлттық ұлан жүйесіне ауыстыранын мәлімдеген. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір бір күнде Өзбекстанда 50 мың оқушы сабақтан қалады.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда 10 284 мектеп бар. Онда 6 300 000 бала оқиды.

XS
SM
MD
LG