Ссылки доступа

Үкімет Қазақстанға шетелден жұмыртқа кіргізуді шектеуі мүмкін


Қазақстан Еуразия экономикалық одағы мен басқа да елдерден жұмыртқа кіргізуді уақытша шектеуі мүмкін. Үкімет жарлығының жобасы ашық нормативті құқық актілері порталында жарияланды.

Статистика мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтарда республикада 56,5 миллион тауық болған. 2022 жылдың басында 50 млн тауық бары хабарланған.

2023 жылы елде 4,9 миллиард жұмыртқа өндірілген (2022 жылы 5 миллиард).

Құжат жобасы 1 наурызға дейін талқыланады.

Еуразия экономикалық одағына бес ел: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіреді.

Былтыр қарашада «Аграрный сектор» журналы Қазақстанда жұмыртқа өндіру көрсеткіші екі пайызға төмендеп, баға 14 пайызға көтерілгенін жазған.

XS
SM
MD
LG