Ссылки доступа

Өзбекстанның мәдениет министрінің қызмет көлігі велосипедтегі адамды қағып кетті


Өзбекстанның әлеуметтік желі сегментінде елдің мәдениет министрі Озодбек Назарбековтің қызмет көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарап кетті.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, видеода көліктің жол бойынша кетіп бара жатқан велосипедтегі адамды қағып өткенін көруге болады.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 ақпанда Қарасу қаласында болған. Дәл осы күндері министр Озодбек Назарбеков жұмыс сапарымен осы аймақта болған.

"Зардап шеккен адам бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған тиісті көмек көрсетті", - делінген мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG