Ссылки доступа

Қырғызстан Ұлттық банкі жаңа банкноттарды айналымға шығарды


Қырғызстан Ұлттық банкі 15 ақпаннан бастап 20, 50 және 100 сомдық жаңа банкноттарды айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мелс Аттокуров баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа банкноттар сериясы Қырғызстанның тарихи-мәдени мұрасына арналған.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары жаңа банкноттар Қырғызстан ұлттық валютасын жаңартудың екінші кезеңі аясында басылғанын айтты. Бірінші кезең 2023 жылғы мамырда жүзеге асқан. Сол кезде 200, 500 және 1000 сомдықтар айналымға шыққан.

Қырғызстан әлі күнге дейін ұлттық валютасын шетелде бастырып жүр. Алайда билік ақша шығаруды елде жүзеге асырғысы келеді. 2023 жылғы маусымда президент Садыр Жапаров осылай деп мәлімдеген. Алайда ұлттық валюта елде қашан басыла бастайтыны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG