Заң жобасына сәйкес, үкімет «Керемет банктің» 97,45% акциясын Қырғызстан Ұлттық банкінен 7 млрд 126 млн 432 мың сомға сатып алады.
Депутат Дастан Бекешев үкіметтің банк сатып алуына қарсы шықты. Ол неге үкіметтің әлеуметтік салаларды қаржыландыруға ақшасы жоқ, бірақ коммерциялық банкті сатып алуға 7 млрд сомы бар деп сұрады.
Ұлттық банк «Керемет банктің» акцияларын 2018 жылы алған. Сол кезде қаржы мекемесі «Российский Инвестиционый Банк» деп аталатын.