Ссылки доступа

Қырғызстанда тағы бір журналист ұсталды


Қырғызстанның ішкі істер министрлігі тәуелсіз блогер, журналист Али Эргешевтің ұсталғанын растады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, оны 13 ақпанда халықаралық "Манас" әуежайынан адамды жүзінен танитын видеобайқау арқылы анықтаған.

Министрлік ол 2023 жылдың мамыр айында болған тәртіпсіздік оқиғасы бойынша ұсталғанын, Жалал-Абад қалалық соттың шешіміне сәйкес қамалғанын білдірді. Оған "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған.

Али Эргешев Инстаграм парақшасына видео жариялап, оны құқық қорғау қызметкерлері ұстап жатқанын жазған.

Видеода ол ешқандай заң бұзбағанын жеткізеді.

Али Эргешев ютубтағы "Ел білсін" каналын жүргізеді. Онда қоғамдық тамақтану орындарындағы тазалық жайлы, мемлекеттік мекемелердің халыққа қызметінің сапасы жайында айтады.

Каналдың 130 мыңға жуық жазылушысы бар.

XS
SM
MD
LG