Ссылки доступа

Қырғыз президенті рақымшылық туралы заңға қол қойды


Қырғыз президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына және Адам құқықтары декларациясының 75 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау жөніндегі заңға қол қойды.

Заңды Жогорку Кеңеш биыл 25 қаңтарда қабылдаған.

Қырғыз билігі бұл заң бойынша рақымшылыққа 600 адам ілінетінін хабарлаған.

Жазаны атқару қызметінің қаңтар айындағы мәліметіне сәйкес, елде жалпы сотталғандар саны- 7 402 адам, олардың 6 495 абақтыда отыр.

XS
SM
MD
LG