Бұл оқиға 11 ақпанда таңертең «Ягодин - Дорогуск» бақылау-өткізу бекетінде болған. Осы маңда поляк шаруалары ереуілдеп жатыр, деп хабарлады RMF24. Полиция өкілі Хелма Ева Чиждің айтуынша, Украинаның үш азаматы басқарған жүк көліктері кеден тексеруінен өтіп, Польшаға кіріп келе жатқан.
«Ереуілдеген топ жүк көліктерінің жолын бөгеп, астықтың бір бөлігін төккен. Жүргізушілер Украинаға кері қайтты» дейді полиция өкілі.
Полиция жүк көліктеріне бөгет жасаған адамдарды анықтап жатыр.
Польшада шаруалар ереуілі 2023 жылғы күзден бері жалғысып келеді. 9 ақпанда елде жалпыұлттық наразылық басталды.
Шаруалар Украинамен шекарадағы жолдарды жапты. Екі ел арасындағы шекарада 1,3 мыңнан астам жүк көлігі тұр.
Поляк шаруалары Украина көліктерін визасын өткізіп жатқанына наразы. Соның арқасында украин жүк тасушылар ЕО елдерінде жүк тасу үшін арнайы рұқсат қағаз алмайды. Мұндай шешім поляк шаруаларына соққы болып тиген.