Ссылки доступа

Бағдат Мусин Ресей – Қазақстан – Иран бағытында оптикалық байланыс желісін тартуды ұсынды


Қазақстан цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей – Қазақстан – Иран бағытында байланыс жүйесін тартып, Үнді мұхитына шығуды ұсынды.

Министр 1 ақпанда Алматыда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары жиынында осындай ұсыныс тастады.

Желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Еуразя экономикалық одағына мүше елдер басшыларының кездесуінде Ресей – Қазақстан – Иран бағытында байланыс желісін тартуды ұсынған. Оның айтуынша, мұндай желі Үнді мұхиты жағалаулары арқылы халықаралық желілерге қосылуға мүмкіндік береді.

Бағдат Мусин де Алматыдағы форумда ШЫҰ елдерін GovTech аясында белсенді байланыс орнатуға шақырды. Министр Қазақстан осы салада ілгері жылжығанын, елдің электронды үкімет өнімі әлемде жоғары бағаланғанын атап өтті.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда транзиттік тарифтерді өңдеу мен сақтауды көздейтін ірі дата-орталықтар салынады.

XS
SM
MD
LG