4 қазанда Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазан айының аяғына дейін Ресейден Өзбекстанға газ тасуды қолға алатынын мәлімдеген. Министрдің айтуынша, газ жеткізу ісі осы айдың аяғында аяқталуы тиіс жөндеу жұмыстары біткеннен соң басталады.
2022 жылғы қарашада Ресей Қазақстан мен Өзбекстанмен «үштік газ одағын» құрғысы келетінін жариялаған. 2023 жылғы мамырда Қазақстан үкіметі Ресейден Өзбекстанға газ жеткізу жөнінде келіссөздер басталғанын жариялаған.
Биыл шілдеде Өзбекстан Ресейден 2,8 миллиард текше метр газ сатып алу жөнінде екіжылдық келісім-шартқа отырды. Бұның алдында газ тасымалдау 1 қазанда басталады деп хабарланған.