Арнайы қызметтің мәліметіне сәйкес, 4 қазанда Бішкектегі Blonder pub демалу орнында оны ұстау операциясы жүрген.
Операция барысында Көлбаев және оның оққағарлары күш органдарына қарсы оқ атқан. Нәтижесінде Көлбаев өлтірілген.
49 жастағы Қамшы Көлбаев Қырғызстанда қылмыстық топтың жетекшісі ретінде ішкі істер минисрлігінің тізімінде тұрған.
2012 жылы оған "қылмыстық топ құрды, есірткі және қару саудасымен айналысты, билік өкіліне күш қолданып, адам ұрлады" деген айыптар тағылған. Ол үш жыл түрмеде отырып, 2014 жылы босап шыққан.
Көлбаев 2020 жылдың қазан айында ұсталған. Бірақ төрт айдан соң, ешқайда кетпеу жөнінде тілхатпен босап шыққан.
АҚШ Көлбаевқа екі рет санкция салған. 2021 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті оның мекен-жайы туралы ақпарат берген адамдарға 5 млн доллар сыйақы беретінін мәлімдеген. Оның ұсталуы "Ағайынды топ" қылмыстық топ құрған "заңсыз қаржы схемасының" ұяшығын бұзуға әкелетінін жариялаған.