Ссылки доступа

Владимир Путин 15 қазанда Бішкекке барады


Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанға 15 қазанда барады. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сапар туралы ақпаратты растады. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен де екіжақты кездесу өткізеді.

Осының алдында Александр Лукашенко дүйсенбі күні Путинмен телефон арқылы сөйлескенін, 15 қазанда ол Қырғызстанда Путинмен кездесуді жоспарлап жатқанын айтқан.

Путиннің Қырғызстанға баратыны мамыр айында белгілі болған. Оны қырғыз президенті Садыр Жапаров шақырған.

Қазан айында Бішкекте ТМД елдері мемлекет басшыларының саммиті өтеді.

XS
SM
MD
LG