"Озодлик" радиосына жіберген видеоларға қарағанда, Әндіжан қаласындағы Банк колледжінде оқитын хиджаб киетін студенттерден оның орнына орамал тағуды талап етіп жатқанын көруге болады.
Банк колледжінің студенттері "Озодлик" радиосына видео жіберіп, бұл қаншалықты заңды екенін түсіндіріп беріңіздер деп өтініш айтқан.
Өзбекстанның Ар-ұждан еркіндігі және діни ұйымдар туралы" заңның жаңа редакциясындағы 14-бабында "Діни мекемелерде жұмыс істейтіндерді қоспағанда, Өзбекстан азаматтарына қоғамдық орындарда "культті насихаттайтын" киім киюге тыйым салынады" деп жазылған.
Бұхара қаласындағы Инженер-технология институтының студенті Фатима Абдуллох Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзияеваға ашық хат жазып, оқу орны басшылары хиджабты шешуге мәжбүрлеп жатқанын жеткізген.
Өткен аптада Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, мүфти Нуриддин Холикназаров исламда киімге қатысты қатаң тыйым жоқ екенін айтқан. Ол қыз-келіншектерді беттерін бүркемей, ашық, салт-дәстүрге сай киінуге шақырған.
Өзбекстанда сонымен бірге сақал өсіргендерге қарсы рейд жүріп жатқаны айтылады әлеуметтік желілерде.