Оған себеп ретінде Мұсағалиевтің Ресей басып алған Украинаның Донецк облысында концерт бергені айтылады.
Мұсағалиев жетекшілік ететін "Камызяки" КВН командасының концерттері Астана және Алматы қалаларында қазан айының басында өтеді деп жоспарланып жатыр.
8 қыркүйекте өткен Донецк облысындағы концерттен кейін Мұсағалиевті украин билігі "орыс-фашистік басқыншыларға және террористерге көмектескен" деген тізімге енгізген.
Осыған дейін Қазақстанда қоғам талабымен соғысты қолдаған ресейлік Полина Гагарина, Григорий Лепс, Лариса Долина секілді әншілердің концерттеріне тыйым салынған. Бұдан бөлек соғысты қолдаған актёр Сергей Глушко қатысқан қойылым да қойылмаған.