"Дилором", "Алтын құм", "Рохат" және "Бустон" пансионаттары Өзбекстан басқаруына өтеді.
Тұрғұнбековтің айтуынша, Өзбекстан әрбір пансионатқа 15-20 млн доллар инвестиция салуды көздеп отыр.
2016 жылы Темір Сариев басқарған қырғыз үкіметі Ыстықкөлде Өзбекстанға тиесілі төрт пансионатты мемлекет меншігіне өткізген.
Алайда Өзбекстан халықаралық сотқа жүгінген. Ташкент қырғыз жағы бұрынғы КСРО елдерінің 1992 жылғы нысандарды пайдалану туралы келісімді бұзды деп есептейді. 2022 жылы әділет министрі Аяз Баетов халықаралық сотта төрт пансионатқа қатысты іс әлі бітпегенін, сонымен бірге қосымша келіссөз жүріп жатқанын хабарлаған.