Ссылки доступа

Дума әскерге қабылданған жастарды бір айдан соң майданға жіберу мәселесін талқылап жатыр


Ресей парламенті армияға қабылданған жастарға бір айдан соң қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отыруға рұқсат етіп, одан соң Украинадағы соғысқа жіберу мәселесін талқылап жатыр.

Заңнамаларға тиісті өзгерту енгізуді қарастыратын жобаны парламенттің қорғаныс жөніндегі комитеті мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, Ресей қорғаныс министрлігімен мұндай келісім-шартқа мобилизация, әскери жағдай, қарулы жанжал, контртеррор операциясы, сонымен бірге армияны шетелде пайдалану кезінде отыруға болады.

Қазір әскерге қабылданған ресейліктер үш айдан кейін ғана мұндай келісім-шартқа отыра алады.

25 шілдеде парламент Ресей армиясындағы қызмет шарттарын қатайтатын бірнеше заң қабылдады. Атап айтқанда, депутаттар әскери комиссариатқа шақырту алып, талапты орындамағандарға салынатын айыппұлды бірнеше есе өсіріп, әскерге қабылдау шегін 27-ден 30 жасқа дейін көтерді. Думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов бұл заңдар "үлкен соғыс" пен "жалпы мобилизация" үшін жазылғанын айтты.

XS
SM
MD
LG